Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге тұңғыш ресми сапармен келген Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Ағымдағы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 20 жыл толатынын атап өткен Елбасы: «Халықтарымыз арасындағы байланысты нығайту мақсатында біз Бішкекте Абай ескерткішін орнату және бір көшеге Ш. Уәлихановтың есімін беру. Сәйкесінше, біздің елордамызда Шыңғыс Айтматовтың атымен бір көшені атау мәселесін қарастыруға шешім қабылдадық. Менің ойымша, бұл әділ және оған біздің халықтарымыз қолдау көрсететін болады»,-деді Қазақстан Президенті.