«Жапония - күншығыс елі, Корея - таңғы шық елі, Нидерланды - қызғалдақтар елі. Қытай - аспан асты елі. Біздерге бұл да жетіспейді. Қазақстан - ұлы дала елі. Ұлы дала, мәңгілік зеңгір көк аспан. Біртұтас түс біздің елімізді біріктіре түседі», - деді Елбасы.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы бүгінгі таңда жаңа Қазақстанды әлемге таныту қажеттігін баса айтты.
«Біз - ұлы дала перзенттеріміз. Біз тек көшпенділер ғана емеспіз. Дәл осы ұранмен, осы жаңа брендпен біз әлемге жаңа Қазақстанды танытуымыз қажет. Бұл үшін мен индустрияландыру, жаңа экономикалық саясат, 5 институттық реформа идеяларын ұсындым», - деді Н.Назарбаев.