Мемлекет басшысы БҰҰ-ға ядролық қарусыз әлем жалпы декларациясын қабылдауды ұсынды

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы БҰҰ-ға ядролық қарусыз әлем жалпы декларациясын қабылдауды ұсынатынын мәлімдеді.

«Біз жаһандық ядролық қаіуіпсіздік саласында көшбасшы болып қалудамыз. Қазақстан БҰҰ-ға ядролық қарусыз әлем жалпы декларациясын қабылдауды ұсынды», - деді Президент.

Атап айтқанда, бүгінде әлемдік қоғамдастықта Қазақстан ядролық қауіпсіздік саласында салмақты бастамаларды көтеріп келеді. Қазақстан әлемде өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан жалғыз мемлекет болып табылады. Сонымен қатар еліміз аумағында Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Бүгінде Қазақстанның бұл бағытта бастамалары мен қадамдары әлемде жоғары бағаланып отыр.