Мемлекет басшысы Чехия Республикасына ресми сапармен келді

ПРАГА-АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чехия Республикасына ресми сапармен келді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында Мемлекет басшысының Чехия жоғары басшылығымен кездесулері, сондай-ақ Қазақстан-Чехия бизнес форумының ашылуына қатысуы жоспарланған.