деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейінгі өзінің атына жолданған сауалдар бойынша Елбасы тиісті органдарға тапсырмалар жүктеп отырған болатын. Мәселен, ата-анасының қамқорынсыз, әжесінің қолында қалған он жастағы Настяның хатына Н. Назарбаев назар аударған еді. Настяның науқасы ауыр болып, оған ұзақ уақыт бойы әрі қымбатқа түсетін ем қабылдау қажеттігі айтылған. Мемлекет басшысы осыған орай Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берген болатын. Бүгінгі күні аталған министрліктен Настяны емдеуге квота бөлінгенін хабарлады.
«Бұл жағдай туралы білемін. Денсаулық сақтау министріне де осыған орай тапсырма берген едім. Сондықтан да, министрге Настяның мәселесін толық қадағалауға алып, атқарылған шараларды маған тікелей баяндауды тапсырамын. Настяға қолдан келгенше көмектесу керек», деді Н. Назарбаев.