Мемлекет басшысы: Діни басқарманың кадрлық-ұйымдастырушылық әлеуетін көтеру шараларын қабылдау - уақыт талабы
12:45, 19 Ақпан 2013
АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Діни басқарманың кадрлық-ұйымдастырушылық әлеуетін көтеру шараларын қабылдау - уақыт талабы,
деп атап өтті осы уақытта Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу өткізіп жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде жазды.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті азаматтардың, әсіресе жас буынның діни және рухани сауатын арттыру жолында тынбай жұмыс істеу керектігін қадап айтты.
«Діни басқарма мен мемлекеттік органдар рухани-ағартушылық және әлеуметтік салада ынтымақтастықты нығайта түсуге баса көңіл бөлуі қажет», - деді Н.Назарбаев.