Мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен «Ақорда» резиденциясында экономикалық мәселелер бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кеңес барысында биылғы 7 айдағы еліміздіңәлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Премьер-Министр АсқарМамин, Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев, сондай-ақ Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баяндама жасады.

Жиынға қатысушылар отандық тауар өндірушілерді қолдау,әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тарифтер бағасының өсуінболдырмау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, көп балалы отбасыларды тұрғынүймен қамтамасыз ету, сондай-ақ жылыту маусымы мен жаңа оқу жылына дайындықмәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы ел экономикасының дамуына салмақтысерпін беру мақсатында жаңа тәсілдер ұсынудың айрықша маңыздылығын атап өтіп,бұл үшін Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің және сарапшылар қауымдастығыныңүйлесімді жұмысы қажет екеніне ерекше мән берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті мәселелерге қатыстыжедел шешім ұсынумен қатар алдымызда халықаралық нарықтардағы теріс үрдістердіескере отырып, экономиканың ортамерзімді келешектегі даму бағдарын айқындауміндеті тұрғанын атап көрсетті.

Соңында Президент азаматтардың тұрмыс сапасыныңтөмендеуіне жол бермеу үшін басты назарды олардың мүдделеріне, халық алдындағыбарлық әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуына аудару қажет екеніне басамән берді.

Соңғы жаңалықтар