«Қаржылық бақылаудың жоғары органы бюджеттік қаржының тиімсіз игерілуінің қаржылық бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмысты жүргізуде. Алайда осы күнге дейін бұл жұмыстың нәтижесі егжей-тегжейлі жарияланбады. Сондықтан 2020 жылдың қаңтарынан бастап Есеп комитеті тексерілетін меморгандар мен ұйымдар бойынша өзінің аудиторлық шараларының негізгі нәтижелерін жариялайтындығы туралы шешім қабылдадым», - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында.
14:48, 20 Желтоқсан 2019
Мемлекет басшысы Есеп комитетіне аудиторлық қызметтің нәтижелерін жариялауға тапсырма берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетіне аудиторлық қызметтің нәтижелерін жариялауға тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.