Мемлекет басшысы «ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартты ратификациялау туралы Заңға қол қойды

None
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.