Мемлекет басшысы «G-Global» жаңа жобасы аясында әлемдік дағдарысты еңсерудің шараларын әзірлеуді ұсынды

None
АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мемлекет басшысы «G-Global» жаңа жобасы аясында әлемдік дағдарысты еңсерудің шараларын әзірлеуді ұсынды. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«2009 жылдың басында, яғни дағдарыс кезеңінде мен әлемдік қаржылық реформа бастамасын көтердім. Мен косметикалық дағдарысты еңсеру шаралары қарқын алатын дағларыстың жаңа толқындарынан әлемді құтқара алмайтынын айттым. Осы тұрғыдағы ахуал бұл сөздерді қуаттады. Әзірге, консенсусты негізде қабылданатын әлемдік дағдарысқа қарсы жоспарды ешкім де ұсына алған жоқ»,-деді Елбасы әлемдік қоғамдастыққа қаратып айтқан сөзінде.

«Өкінішке қарай, G-20, G-8 форматтары өздерінің тиімсіздігін көрсетіп отыр. Әлі де әлемдік дағдарысқа қарсы жоспарды талқылау шаралары басталған да жоқ. Мен әлем үшін дағдарысты еңсеру шешімін іздеуге қатысушылардың қатарын түбегейлі кеңейтуді ұсынамын. Жаңа коммуникативті алаңды «G-Global» жобасы деп атауды ұсынамын»,-деді Мемлекет басшысы.

Бұл тұрғыда Елбасы бұл жобада жұмыс алаңы ретінде Астаналық экономикалық форумы бола алатынын жеткізді.