Мемлекет басшысы «Ғарыш қызметі туралы» ҚР Заңына қол қойды

None
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ғарыш қызметі туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Заң Қазақстан Республикасының ғарыштық қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.  

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.