АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге «Канеломен» айқаста табыс тіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені эксклюзивті бейнежазба жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сені қыркүйекте өте маңызды айқас күтіп тұр. Барлық қазақстандықтардың атынан саған табыс тілеймін. Сенің барлық жекпе-жектеріңді отандастарың зер салып көреді. Біз сенімен мақтанамыз. Бұл жастар үшін, олардың тәрбиесі үшін өте маңызды», - деді Президент.
Өз кезегінде Г. Головкин «Менің міндетім - жеңу, Сіздікі - бұйыру»,- деп жауап берді.
Қазақстанда Головкин - Альварес II бокс шоуы 16 қыркүйек күні таңғы сағат 6-да басталады. Оны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.