Мемлекет басшысы: Ғылыми зерттеулер қазіргі заман талабына сай болуы маңызды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесуде Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулердің қазіргі заман талабына сай болуының маңыздылығын атап өтті. 

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті ғылымды басқаруды орталықсыздандыру ісінің өзектілігіне және ғылыми зерттеу жұмысын жекелеген университеттерде дамыту қажеттілігіне назар аударды.

«Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің маңызы зор, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

М.Жұрынов бірлестіктің халықаралық деңгейдегі беделінің артуына батыстық даму үлгісі септігін тигізгенін айтты.  

«Біздің академия - барлық беделді ғылыми бірлестіктердің мүшесі», - деді Ұлттық ғылым академиясының президенті.

Соңында Мемлекет басшысы ғылымның ел дамуындағы елеулі рөліне тоқталып, атқарып жатқан қызметтері үшін академия ғалымдарына алғыс білдірді.