Мемлекет басшысы Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысымен Астанада «Экспо-2017» өткізу мүмкіндігін талқылады
13:07, 30 Қараша 2011
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталесті қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қазақстандық тарап пен Халықаралық көрмелер бюросының арасындағы өзара іс-қимыл перспективалары, сондай-ақ Астанада халықаралық мамандандырылған «Экспо-2017» көрмесін өткізу мүмкіндігі талқыланды.