БҰҰ есебіне сәйкес, климаттың өзгеруі салдарынан жер бетінде 5 миллиардтан астам адам ауызсуға зәру болуы мүмкін. Президент су тапшылығы мен тұрақсыздықтың белең алуы мемлекеттердің азық-түлік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді деп санайды. Бұдан бөлек, экономикалық, геосаяси шиеленіс және тұрақсыздық күшейіп келеді. Түптеп келгенде, оның салдары бүкіл әлемдегі, әсіресе қуаңшылыққа жиі ұшырай бастаған Жаһандық Оңтүстіктегі қауіпсіздікке қатты әсер етуі мүмкін.
«Осыған байланысты мен су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалануға септігін тигізетін су технологияларын өзара бөлісу үшін айрықша құқықтар мен преференциялар жүйесін енгізуді ұсынамын», – деді ҚР Президенті виртуалды саммитте сөйлеген сөзінде.