Мемлекет басшысы музей залдарын, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың жұмыс бөлмесін аралап көрді. Онда аса көрнекті геолог ғалымның жеке заттары, құжаттарының түпнұсқалары, сондай-ақ ғылыми және қоғамдық жұмысына қатысты материалдар қойылған.
16:25, 01 Маусым 2022
Мемлекет басшысы Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіне барды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиыннан кейін академик Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіне экскурсия жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.