Мемлекет басшысы Қарағанды облысы мәслихатының сессиясына қатысуда
11:25, 14 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жұмыс сапарымен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстық мәслихаттың сессиясына қатысуда.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.
Мемлекет басшысының активке Қарағанды облысының жаңа әкімін таныстыруы күтілуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бұл мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар ұсынылған кандидатураға дауыс бергеннен кейін өтеді. Қазіргі әкім Нұрмұхамбет Әбдібековтің кету себебі жайлы айтылмай отыр.