Мемлекет басшысы қаржы полициясы органдарына жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуді тапсырды

None
СТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады.

Қ.Қожамжаров Президентке Агенттіктің үстіміздегі жылғы 8 айындағы жұмыс нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Президенттің «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар туралы» Жарлығы аясында қаржы полициясы органдарындағы реформалардың барысы туралы әңгіме болды.

- Мемлекет басшысы қаржы полициясы органдарына өздерінің күнделікті қызметінде жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуді тапсырды, - деді журналистерге арналған брифинг барысында Қайрат Қожамжаров.