Мемлекет басшысы «Қазақфильм» бюджетін қайта қарастыруды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Б үгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасын іске қосу қажеттігін атап өтті.

«Қазіргі кезде «Қазақфильмге» жұмсап жатқан қаржыны толығымен қайта қарастыру керек. Бұл тұрғыда қыруар қаржы бар. Бұған дейін оларға осыншама қаражат бөлінбеген еді. Қомақты қаржы қажет бағыттарда игерілуі тиіс. Тәжірибелі адамдарды, халықаралық мамандарды тарту керек»,-деді Президент. Мемлекет басшысы «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасын іске қосу қажеттігін атап өтті. Оның аясында кинофильмдер, сериалдар, мемлекеттің тарихы туралы, қазақстандық мәдениет жайында арнайы бағдарламалар құрылмақ. Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы рухани байлықты бекітетін, патриоттық сезімдерді оятатын шығармалар қою бағытында әр фильмді көркемдік кеңестен өткізу шаралары жүріп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, министр қазіргі кезде телеарналардағы сериалдарды бақылау бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді.