Бұған дейін Президент Қазақстандағы оқиғаларға қатысты Еуропарламент қарары жөнінде пікір білдірген еді.
«Бұл қарар (Еуропарламент қарары – ред.) лоббистердің айтуымен әзірленген. Ол лоббистер кезінде Қазақстанда қомақты ақша тауып, кейін елден кеткен өз адамдарымыздың тапсырысымен жұмыс істейді. Қазір ол ақшаны қандай да бір наразылықтарды ұйымдастыруға, адамдарды өшіктіруге, жағдайды барынша қиындату принципімен жұмыс істеуге жұмсап жатыр.
Өз сөзінде Президент Қазақстан мен Өзбекстанның табысты олигархтарын салыстырды.
«Осыған байланысты Өзбекстаннан тыс жерде мол табыс тапқан бай адамдарды салыстырсақ, олар өздерінің тарихи отанына келіп, Өзбекстан Президентінен өзбек халқы үшін не істей алатындарын, қандай көмек көрсету керегін сұрайды: жеке қаражатына ауруханалар тұрғызады, инфрақұрылым салып береді. Бұл жерде өзбек байлары мен шетелде немесе осында өз еліне шабуыл жасайтын біздің олигархтар арасында үлкен айырмашылық бар», - деді Қ. Тоқаев.