17:28, 13 Мамыр 2009
Мемлекет басшысы Қазақстан, Ресей және Түрікменстан үкіметтері арасындағы Каспий жағалауы газ құбырын салу туралы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Каспий жағалауы газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.