Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады
16:37, 02 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстанның мәдениетін дамытудағы өзекті мәселелер мен өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі қаламгерлердің рөлі талқыланды.