Мемлекет басшысы Қазақстан жері аумағында Ядролық отын банкін орналастыруға дайын екендігін нақтылады - Ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі кездесу
20:00, 22 Қыркүйек 2011
Ю-ЙОРК-АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан жері аумағында Ядролық отын банкін орналастыруға дайын екендігін нақтылады.
Мұндай мәлімдемені Н.Назарбаев АҚШ-тағы Ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі кездесу кезінде сөйлеген сөзінде айтты.
«Біздің бастамамызға қолдау көрсететініңізге сенемін», - деді ҚР Президенті.
"Біздің елдің барлық ядролық нысандары МАГАТЭ-нің толықтай бақылауы мен кепілдігінде тұр", - деп қосты Н.Назарбаев.