Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық әскери қызметкерлеріне үндеу жасады. Сөз барысында Мемлекет басшысы бүгінгі күні елімізде бес халықтық реформа бағдарын жүзеге асыру қолға алынғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл реформалар келешек ұрпаққа ілгері жылдардағы гүлденудің даңғылын қалыптастырады. «Бұл жол - әлемнің ең дамыған отыз елінің жолы. Біздің бұған дейінгі жетістіктеріміздің барлығы жаңа асуларды бағындыруға ынталандырады»,- деді Н. Назарбаев.
«Біз жиырма жылдығын атап өтіп жатқан Ата Заңымыздағы алғашқы сөздер «Біз Қазақстан халқы» деп басталады. Бұл көпұлтты халық бірлігінің баянды формуласы. Біз ең басты құндылықтарымызды мәңгілік сақтауымыз керек. Бұлар: Тәуелсіздік, Бейбітшілік және қоғамдағы Тұрақтылық. Барлық мемлекеттік институт пен әрбір қазақстандықтың парызы осы құндылықтарды қорғауда болуы тиіс. Оны қорғаушылардың бірінші қатарында біздің даңқты Қарулы Күштеріміз тұр. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде мен еліміздің әрбір әскери қызметкеріне үндеу жасаймын. Сіздерге жоғары миссия жүктеледі. Ол Қазақстанның тәуелсіздігін және біздің азаматтарымыздың тыныштығын қорғау. Осынау қасиетті борыштарыңызды абыроймен атқарыңыздар!», - деді Н. Назарбаев.