«Біздің мәдени-гуманитарлық байланыстарымыздың рет-ретімен ілгерілей түсуіне Қазақстанда тұрып жатқан корей ұлтының азаматтары маңызды үлес қосады. Өзіңіз де білетіндей, корейлер Қазақстандағы он ең ірі этностың қатарына кіреді. 100 мыңнан астам корей тұрып жатыр», - деп атап өтті ҚР Президенті
Осы ретте Қазақстан Президенті ел аумағында тұрғып жатқан корей этностарын дамытуға мұнан ары да жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін баса айтты.
«Біз өз тарапымыздан, Үкімет тарапынан бауырлас корейлердің ұлттық өзіндік ерекшеліктерін қолдайтын боламыз», - деді Қ.Тоқаев.