Кездесу барысында Мемлекет басшысы 2011 жылғы Ақ Азиададағы қазақстандық спортшылардың жетістіктерін атап өтіп, оларды жалпы командалық есепте қол жеткізген жеңістерімен құттықтады. Өз кезегінде, Ойын жүлдегерлері олардың жеңісінің ең алдымен бүкіл Қазақстан мен ел Президентінің жеңісі екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, Қазақстан алтын медальдар саны бойынша қысқы Азия ойындарында рекордқа қол жеткізді. Қазақстан құрамасы 70 медальға ие болды, оның ішінде 32 алтын, 21 күміс пен 17 қола медаль бар.