10:28, 22 Наурыз 2009
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтайды
АСТАНА. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ – Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» монументінің алдында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елорданың алаңдарында, басқа да жерлерінде, барлық республика бойынша бүгін Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өтеді. Өткен ғасырдағы 90-шы жылдардың алғашқы жартысынан ? Қазақстанның егемендік алғанынан бастап бұл мейрам елімізде кеңінен атап өтіледі. Қазақстан Республикасы егемендік алған 1991 жылдың нышаны болып табылатын, биіктігі 91 метр болатын «Қазақ елі» монументі елорданың 10 жылдығына орай 2008 жылғы шілдеде ашылғанын естеріңізге саламыз.