Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің уақытша мүшесі ретінде Қазақстан қауіпсіздікті күшейту, ядролық қаруды таратпау және аймақтық ынтымақтастық бағыттарына басымдық беріп, еліміздің бейбітшілікке шақырып отырғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті бұл саладағы еліміздің жетістіктеріне де тоқталды. Мәселен, Қазақстан қазіргі уақытта үндістандық әріптестерімен бірге Ливанда БҰҰ-ның уақытша отрядтарын құру арқылы бітімгерлік саласына өз үлесін қосып келеді.
«Өркениеттер мен діндердің жаһандық орталығына айналған Қазақстанымызбен мақтанамыз. 2003 жылдан бері Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін үш жыл сайын өткізіп келеді», - деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлегенін хабарлаған болатынбыз.
БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президенті Румен Радевпен, Польша Президенті Анджей Дудамен, Грузия Президенті Саломе Зурабишвилимен, Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.