Мемлекет басшысы Қазақстанның қаржылық мониторинг жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру туралы тапсырма берді
17:05, 14 Қараша 2011
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы Мүсірәлі Өтебаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
М. Өтебаев Президентті қаржылық мониторинг жүйесін қалыптастыру мен дамыту, заңсыз жолмен алынған кірістерді (заңсыз жолмен табылған ақшаны) заңдастыруға және терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері туралы хабардар етті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның қаржылық мониторинг жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру туралы тапсырма берді.