Мемлекет Басшысы қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлидің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
17:13, 24 Қаңтар 2011
АНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлидің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады ҚР Президентінң баспасөз қызметі.
Елбасы жеделхатта ардақты ақынның дүниеден өтуі қазақ әдебиеті үшін орны толмас қаза екенін, оның азаматтық, патриоттық тақырыптарға жазылған, философиялық түйіндеулерге құрылған жырларын халқымыздың сүйіп оқитынын атап өткен.
«Қадыр Мырза Әли тек қаламгерлік қайратымен ғана емес, биік азаматтық болмысымен, еңбексүйгіштік қасиетімен де жұртшылыққа жақсы үлгі еді. Халқымыз оның жарқын дидарын, тапқыр да шуақты әзілін сөзсіз сағынатын болады. Қадырдай ақынның өмірі оның жүрегінің тоқтауымен аяқталмайды, енді оның шығармашылық мол мұрасының мәңгілік ғұмыры басталып, баянын таба беретіні сөзсіз», - делінген жеделхатта.