Қазақстан халқы Ассамблеясы, мәдени бірлестіктер мүмкіндігі шектеулі жандарға, сырқаттарға, балалар үйлеріне тұрақты түрде көмек көрсетіп келе жатқанына тоқталған Елбасы: «Ассамблея тарихы - бұл біздің тұрақтылықтың тарихы, ол жайында біз әрқашан есте сақтауымыз керек және қастерлеуіміз шарт. Бұл халықтың естелігі үшін, достық үшін, адамдардың, біздің балалар мен немерелеріміздің өзара түсіністігі үшін ең басты мәселе. Үкімет пен бизнестің қолдауымен Ассамблея барша еліміз бойынша қайырымдылық акцияларының біріктіруші орталығы болуы қажет»,-деді.