«Экономика өсімінің және осынау қиын кезеңде біздің адамдарымыздың жұмыспен қамтылу деңгейінің төмендеуіне қарсымыз. Ауыр өнеркәсіп саласы әсіресе, тау-кен металлургияда өндіріс көлемі төмендеп, жұмыс орындарының қысқаруы байқалғанда біздер оларға балама жұмыс орындарын ұсынамыз», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, балама жұмыс орындары Қазақстанда қолға алынып отырған инфрақұрылымдық бағдарламалар есебінен құрылуда.
«Осы жылдар ішінде біз Ұлттық қорға қаржы жинадық. Ендігі уақытта оны Қазақстанның индустриалды қаңқасын түбегейлі өзгерту үшін пайдаға жарата аламыз», - деді Н.Назарбаев.