Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ө.Айтбаевқа алғыс айтты.
15:18, 20 Желтоқсан 2016
Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Өмірзақ Айтбаевты қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кездесуде Айтбаев Қазақстан Президентіне «Қазақ тiлi» халықаралық қоғамының жұмысы туралы баяндап, мемлекеттің қазақ тілін қолдау саласындағы маңызды рөлін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.