Мемлекет басшысы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеуге қатысты түзетулер енгізілген заңға қол қойды
20:10, 27 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Заң Қазақстан Республикасындағы ішкі және сыртқы сауда тетіктерін жақсартуға, сондай-ақ Астана қаласында қазіргі заманғы халықаралық көліктік-логистика жүйесін құру бөлігінде Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.