Мемлекет басшысы ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңның қабылдануына байланысты заңнамалық актіге түзетулер енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.