Мемлекет басшысы ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы заңнаманы бұзушылыққа жауапкершілікті күшейтуге бағытталған Заңға қол қойды

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңнаманы бұзушылыққа жауапкершілікті күшейтуге, сондай-ақ оның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.