Мемлекет басшысы ҚР Сыртқы істер министрін қабылдады

None
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Марат Тәжинді қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министр Президентке Мемлекет басшысының алдағы уақытта Үндістанға, Швейцарияға, Германияға және Ресейге жасайтын сапарларына дайындық барысы туралы баяндады.Кездесуде, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатының өзекті мәселелері талқыланды.