Мемлекет басшысы ҚР Үкіметін әділ сынға алды - С.Ахметов

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Президентінің 2013 жылғы 7 маусымдағы Үндеуінде айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

С.Ахметов атап өткендей, «Мемлекет басшысы зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі заң жобасын халық арасында түсіндіру жұмысын әділетті сынға алды».

Осыған байланысты ол Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Мемлекет басшысы көрсеткен ескертулерді ескере отырып, зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі кеңейтілген түсіндіру жоспарын әзірлеуге және ең алдымен халық арасындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Біздің алдымызда зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде үлкен жұмыстар тұр. Бұл сала елдің барлық азаматтарына қатысты, сондықтан да біздің іс-қимылымыз, ойластырылған және үйлестірілген болуы тиіс. Еліміздің болашақ зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің болашағы тұтастай алғанда осыған байланысты», - деп мәлім етті С.Ахметов.

Еске сала кетейік, 2013 жылғы 7 маусымда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы жүйесін жаңғырту жөнінде Қазақстан халқына Үндеу жолдады. Мемлекет басшысы Үкімет зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі қоғамдық пікірсайыста заң жобасын қорғап қала алмады, деп мәлімдеді.