Мемлекет басшысы қылмыстық жазаларды орындау тәртібі мен шарттарын жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық жазалауды орындау тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет өткеруде жекелеген мәселелерді жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды,

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.