Мемлекет басшысы Қырымбек Көшербаевты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырымбек Көшербаевты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қ.Е.Қөшербаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары етіп тағайындау туралы Жарлығы

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев