«Әлемге танымал бизнесмен, халқымыздың ниеттес досы Джек Ма мырзаға біздің елімізге жіберген гуманитарлық көмегі үшін шынайы алғысымды айтамын. Ол қазіргі күрделі кезеңде бір-бірімізді қолдаудың маңызы зор екенін көрсетті. Бәріміз бұл қиындықты бірге еңсереміз» делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, 10 сәуірде Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілген болатын.