Джек Ма Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жолдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 10 сәуірде Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4,5 тонна гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ алыстан анықтайтын термометрлер бар.

Сонымен қатар, алдағы күндері аталмыш қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс тестілерді және өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр.



Соңғы жаңалықтар