«Тағы бір өзекті мәселеге назар аударғым келеді. Заңдар мен түрлі ережелерді әзірлеген кезде қаржы-өнеркәсіп топтары, ірі бизнес өкілдері шешім қабылдауға зор ықпал етеді. Ашығын айтсақ, бұл барлық елге, тіпті дамыған мемлекеттерге тән жағдай. Бірақ, осы үдерісті қоғамнан жасырмай, заңмен реттеу керек, әйтпесе, жемқорлық белең алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясында.
«Өркениетті елдерде саясат жабық есік жағдайында астыртын жасалмайды. Сондықтан, лоббистік қызметті заңмен реттеудің және оған бақылау жасаудың халықаралық тәжірибесін зерттеу керек», - деді Президент.
Бұған дейін Мемлекет басшысы экономикамыздың әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отырғанын айтқан еді.