«Қазір ел экономикасындағы газ саласының рөлі өте маңызды. Жақында осы тақырып бойынша арнайы кеңес өткіздік, негізгі бағыттарды айқындадық. Еліміздің газ тасымалдау жүйесін жаңғырту – басты міндеттің бірі. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры тиісті ұсыныстарды әзірледі. Оған қолдау көрсетуге дайынмын. Маңғыстау және Атырау өңірлерінің газға деген сұранысы артып келеді. Осыған орай «Маңғыстау облысының газ тасымалдау жүйесін қайта құру» және «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистральді газ құбырының лупинг құрылысы» жобаларын бастауды тапсырамын», - деді Президент.
13:39, 10 Шілде 2021
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының газ тасымалдау жүйесін қайта құруды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің кеңейтілген отырысын қорытындылаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке елдің батысындағы газ құбырларының мүмкіндігін кеңейту туралы тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.