Мемлекет басшысы меценаттарды ҚХА-ның әлеуметтік акциясына белсендірек қосылуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде меценаттық шаралардың пайдасы туралы көбіреу насихаттау керектігін атап өтті.

«Қайырымдылық қызмет туралы жаңа заңда Қазақстан халқы Ассамблеясы басты үйлестіруші ретінде бекітілгені көрсетілген. Тарихта алғаш рет республикалық меценаттар съезі өтті. Атап айтқан бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек»,-деп тапсырды Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы меценаттарды ҚХА-ның әлеуметтік акциясына белсендірек қосылуға шақырды.

«Көптеген адамдарымыз ақшаларын түрлі қайырымдылық қорларына, балалардың еміне, мұқтаждарға, қарттарға, балалар үйлеріне бөлуде. Біз осыны көрсетуіміз керек»,-деді Н. Назарбаев.