Мемлекет басшысы министрліктердегі тағайындаулар туралы бірқатар жарлықтарға қол қойды

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев министрліктердегі тағайындаулар туралы бірқатар жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен

Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министріне қызметіне тағайындалып, Қазақстан Республикасының Иднустрия және сауда министрі қызметінен босатылды;

Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі қызметіне тағаындалып, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі қызметінен босатылды;

Жанар Сейдахметқызы Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев - Байланыс және ақпарат министрі қызметтеріне тағайындалды;

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі қызметіне тағайындалып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі қызметінен босатылды.