Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Ақордада Македония Президенті Г.Ивановты қабылдады
12:00, 02 Шілде 2012
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығының шақыруымен тұңғыш мемлекеттік сапармен келген Македония Президенті Георге Ивановты қабылдады.
Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Македония арасында достық қарым-қатынастар орныққанын және екі ел арасында ешқандай саяси немесе басқа да сипатта алауыздық жоқ екенін атап өтті.
«Біз сізбен мүдделі мәселелерді сөйлестік. Негізгі мәселе - біздің сауда-экономикалық байланыстарымыз. Біз Қазақстан Республикасы мен Македония Республикасы арасындағы саяси мәселелерде біздің ынтымақтастығымызға кедергі келтіретін ешқандай проблема жоқ екені туралы айттық. Біз ынтымақтастық үшін ашықпыз», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Георге Иванов Қазақстанда болған кезінде Македония Республикасының делегациясы қазақстандықтардың осы елге ізгі қатынастарын сезінетін болады, деп атап өтті.