Бұл туралы бүгін елордада Индонезия - Қазақстан Іскерлік кеңесінің салтанатты ашылуы барысында мәлім болды.
«Алдағы сәуір айында Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ресми сапармен Индонезияға баруы жоспарланады. Сондықтан да, Индонезия-Қазақстан Іскерлік кеңесінің ашылуы екі елдің қарым қатынасын кеңейтуге мүмкіндік бере отырып, тараптардың екіжақты байланысын нығайта түседі», - деді Индонезия-Қазақстан Іскерлік кеңесінің құрметті төрағасы Ирван Идинг.
Ал өз кезегінде Индонезия Сыртқы істер министрінің орынбасары, министрдің Экономикалық-әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі кеңесшісі Супрапто Мартосетомо да сөз арасында екіжақты ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетін жағдайлардың орын алып отырғанын атап өтті. «Біздің елдердің өзара байланысы жоғары деңгейлерде де нығайып отыр. Мәселен, былтырғы жылы Индонезияның жоғары деңгейдегі делегация құрамы Қазақстанға келіп, осы елдің басшыларымен кездесті. Енді алдағы сәуір айында Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Индонезияға ресми сапармен баратыны күтіліп отыр. Бұл сапардың мән-маңызы зор. Өйткені Президент сапары Қазақстан мен Индонезияның тек саяси ғана емес, экономикалық ынтымақтастық орнатудың жаңа парағын ашатын болады», - деді Супрапто Мартосетомо.