деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл Қазақстанның мәдени өміріндегі айтулы оқиға. «Астана!..» мюзиклін композитор Алмас Серкебаев драматург Юрий Кудлачпен (Германия) бірлесіп жазған. Режиссер-қоюшысы - Ресейдің халық әртісі Юрий Александров. Суретші-қоюшысы - Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Окунев. Қойылымның музыкалық жетекшілері - Қазақстанның халық әртісі Базарғали Жаманбаев пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.
Мюзиклде Қазақстанның опера театры мен белгілі эстрада әншілері, еліміздің музыкалық жоғары оқу орындарының студенттері өнер көрсетеді.