Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Изумрудный квартал» әкімшілік кешенінде болды
18:49, 09 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат. Жаңа әкімшілік кешені Астананың Сулы-жасыл бульварында орналасқан,
деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.
Кешен ғимараты - 37 және 45 қабаттан тұрады. Жалпы аумағы: 112 330 шаршы метр. Әкімшілік орталығы қаланың іскерлік өмірінің барлық заманауи талаптарына жауап береді. Онда жайлы кеңселер мен көлік қоюға қолайлы орындар бар, мөлдір қабырғалар мен шатырлары жарықты жақсы өткізеді, үш қабатты кеңістікті фойе толықтырып тұр. Жаңа бизнес орталықта бір мезгілде 15 мыңнан астам адам жұмыс істей алады.«Изумрудный квартал»құрылысына жаңа технологиялар пайдаланылған. Нысан архитектурасының көптеген бірегей ерекшеліктері бар: 32-қабаттан бастап, әр қабаттың ауданы ұлғая түседі, жоғары бөлігі 15 метрге ауытқыған асимметриялық ғимаратқа айналады.